Қоғам • 09 Қараша, 2019

Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болған брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.

Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты

- Экономикалық белсенді тұрғындар саны 27882 адам, аудан халқының 26687-і жұмыспен қамтылған, 1195-і жұмыссыз. Жыл басынан бері ауданға 299 адамы бар 63 отбасы көшіп келді. Олардың 34-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 27-сі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, - деді аудан әкімі.

Барлық көздерді қоса есептегенде әлеуметтік қорғау ісіне 4,9 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 812 млн теңгеге немесе 24,7% көп. Бұл қаржының 4,5 млрд теңгесі республикалық бюджет есебінен, 402 млн теңгесі аудандық бюджеттен берілген.

Аудан басшысының айтуынша, жаңадан 2715 жұмыс орны ашылды, оның 69,4% немесе 1885-і тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 1048 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының 934 баласы тегін тамақтандырылады.

Білім беру саласына 7,4 млрд теңге бөлінген. Бір оқушыға шаққанда 414 мың теңгеден. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды дайындықпен қамту көрсеткіші 98,1% жеткен. Опорный орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларға құны 2 475 мың теңге құрайтын сенсорлық кабинет жабдықталған.

 

 

Маңғыстау облысы