Қоғам • 09 Қараша, 2019

Yessenov University-де диалог алаңы ұйымдастырылды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Yessenov University-де белгілі қазақстандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен «Университет — ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Yessenov University-де диалог алаңы ұйымдастырылды

«Университет – ой-пікірлер аймағы» сандық болашақ мамандарын даярлау саласында тәжірибе және инновациялық шешімдермен алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру мақсатындағы форум аясында «Yessenov University үздік стартап жобасы» байқауы, панельді және сараптамалық сессиялар, мастер-класстар және кейстер өтті.

Жастар жылы аясында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған форум педагогтарды, кәсіпкерлерді, жоғары және қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын, сарапшыларды, жергілікті мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктірді.

Форумға Әлихан Байменов, Күләш Шамшидинова, Саясат Нұрбек, Нұрлан Қиясов, Арын Орсариев, Гүлмира Курганбаева, Юрий Пименов, Алмагүл Қанағатова, Аида Сағынтаева, Paul Jr Joseph Chester сияқты танымал қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысты.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткен халықаралық форум болашақ мамандарды даярлау саласында тәжірибе және инновациялық шешімдерімен алмасу үшін диалог алаңы болды.

 

Маңғыстау облысы

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар