Ұйымдастырушылар: Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" Құрылымы және Сыртқы істер министрлігі.
Іс-шараның мақсаты - өңір елдеріндегі ТДМ-ны ұлттандыру бойынша ілгерілеуге шолу жүргізу, гендерлік теңдік және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту саласындағы жалпы сын-қатерлерді шешу үшін интеграциялау мүмкіндіктерін айқындау. Сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету саласындағы, оның ішінде әйелдердің ресурстардың барлық түрлеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, әйелдердің барлық деңгейлерде шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту, әйелдерге зорлық-зомбылықсыз өмірді қамтамасыз ету, гендерлік статистиканы жетілдіру және т.б. мәселелерде негізгі сын-қатерлер мен перспективаларды талқылау.
Өңірлік ынтымақтастық шеңберінде Тұрақты дамудың гендерлік-байланысқан мақсаттарының ілгерілеуін жеделдету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдау.
АЛМАТЫ