Спорт • 10 Қараша, 2019

Баскетбол: «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Астана» баскетбол командасы Ортақ лиганың кезекті тур ойынын өз алаңында өткізіп, Минсктің «Цмоки-Минск» командасынан басым түсті.

Баскетбол: «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Ойындағы есепті бірінші болып қонақ команда ашқанымен, елордалықтар бірден матч тізгінін өз қолдарына алды. Нәтижесінде бірінші кезеңінде жерлестеріміз 28:17 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде «Цмоки-Минск» ойыншылары намысқа тырысып, тараз басын өздеріне қарай аударуға ниетті болған. Бірақ «Астана» командасы жинақы ойын көрсетіп, бұл жолы да 23:21 есебімен басым түсті.

Қалған екі кезеңде қонақ команданың мерейі үстем болады. Біздің баскетбошылар шаршап қалды ма, әлде екі кезеңнен соң жеңіске жететініне сенімді болды ма, әйтеуір ойындары бәсеңдеп қалды. «Цмоки-Минск» үшінші кезеңде 23:29 есебімен, шешуші кезеңде 17:22 нәтижесімен алға шықты. Бірақ төрт кезеңнің қорытындысы бойынша, «Астана» 91-89 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, елордалықтар өткен турда Ресейдің «Зенит» командасынан 109:108 есебімен айласын асырған болатын.