Спорт • 10 Қараша, 2019

Футзал: Әлем чемпионатындағы қарсыластар анықталды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сатысындағы элиталы кезеңінде «D» тобында сынға түсетін болды. Матчтар Чехияда өтеді.

Футзал: Әлем чемпионатындағы қарсыластар анықталды

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Чехия, Словения және Румыния командаларымен бірге «D» тобында ойнайды. Элиталы кезеңде «А» тобында Португалия, Италия, Беларусь, Финляндия, «В» тобында Испания, Сербия, Украина, Франция, «С» тобында Ресей, Әзербайжан, Словакия және Хорватия құрамалары бақ сынайды.

Төрт топтың жеңімпаздары әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған құрамалар қосымша ойын өткізеді. Элиталы кезеңнің ойындары 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді.