Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Мақсаты биік «Мәміле»

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері арасында дамыту – маңызды мәселе. Бір қуанарлығы, олардың, яғни өзге ұлт перзенттерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтары жоғары. Тілді меңгерсе, ел мен жерді тану көкжиектері кеңейе түсетіні анық. Тек әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетіп, дұрыс дәріс берсе болғаны... Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері арасында дамыту – маңызды мәселе. Бір қуанарлығы, олардың, яғни өзге ұлт перзенттерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтары жоғары. Тілді меңгерсе, ел мен жерді тану көкжиектері кеңейе түсетіні анық. Тек әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетіп, дұрыс дәріс берсе болғаны...

Мақсаты биік «Мәміле»

Ақтауда «Қазақтану» жобасын жү­зеге асыру мақсатында «Mәміле» пікір­сайыс клубы ашылды. Аталмыш клуб­тың «Достық» үйіндегі салтанатты ашылуына тәжірибелі қазақ тілі мұ­ғалімдері, этномәдени бірлестік өкіл­дері, қазақ тілін үйренуге ниет біл­дірушілер қатысты.

Екі топ арасында диалог орнатып, қазақ тілін дамыту мақсатындағы клуб жұмысына барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үй­ренудегі машықтарын дамыта алады.

Клуб отырысына қатысушылар жоба жетекшісі Қанат Тасыбековтың «Ситуативті қазақ тілі» атты әді­сі­мен тіл үйреніп қана қоймай, қоғамдық-саяси мә­­се­­лелерді де талқыға салады. Сонымен қатар, «Мә­міле» клубында кітаптар, дәптерлер міндетті емес және грам­матиканы жаттау болмайды. Оның орнына қазақ тілінде түрлі қызықты әңгімелер мен ойындар ұйым­дастырылады. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, бұл бұ­рынғы қалыптасқан әдіске қарағанда анағұрлым ұтымды және тілді игеруге жеңіл соқпақ. Өйткені үй­­ренушілер өзін еркін сезініп, сабақ тартымды да қы­зықты өтеді.

– Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев­­тың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мә­де­ниетін, тарихын наси­хаттауға бағытталған «Қазақ­тану» жо­басын жүзеге асыру баса айтылған болатын. Осы жо­баның басты міндеті – қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адам­гершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бір­лігі мен дос­тық дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғас­тырудың жүйесін құру. Біздің «Мәміле» клубын ашу­дағы мақсатымыз – Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру және ана тіліміз – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, – деді «Мәміле» қоғамдық қорының директоры Қанат Тасыбеков.

Шара соңында клубтың сабағы да басталып, ұйым­шылдық, ынтымақтық сезімдерді ояту сабақ­тарының алғашқы сағаты ойдағыдай өтті.

Маңғыстау облысы