Руханият • 12 Қараша, 2019

Қарағандыда Мәди атындағы республикалық байқау өтті

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы «Шалқыма» концерттік залында өткен Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі  IV республикалық байқауда еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан барлығы 34 жас әнші бақ сынады. 

Қарағандыда Мәди атындағы республикалық байқау өтті

Халық әртісі Қайрат Байбосынов бастаған қазылар алқасының шешімімен қарағандылық Азат Әбдіғалым бас жүлде иегері атанды. Маңдайы жарқырап топ жарған дарынды әншінің орындауындағы Мәди әндері қазылар алқасының ғана емес, дегдар тыңдарманның да көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.

Көкшетаудың әйдік әншісі Шыңғыс Сәрсенбайға бірінші жүлде бұйырды. Ел астанасынан келген күміскөмей әнші қыз Алуа Қаламбекова мен алматылық талант Ақжол Өсербай екінші жүлдені өзара бөлісті. Ал үшінші жүлдеге бірінен бірі өтетін үш әнші – Дәуренбек Слямғали мен Біржан Айтахметов (Алматы) және Аяулым Қамажан (Нұр-Сұлтан) лайықты деп танылды. 

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге лайықты сый-сияпат жасалды.

Байқау соңында гала-концерт өтіп, онда домбырашылар ансамблі мен Мәди Бапиұлы атындағы ІV республикалық байқаудың лауреаттары өнер көрсетті. Олар Мәди Бапиұлының ел ішіне кең тараған «Қаракесек», «Үш қара» және «Қарқаралы» әндерін шырқап, тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырды.

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024