Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Ақтауда әлеуметтік жоба қатысушыларының аймақтық форумы өтті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «Zhas Project» жобасы аясында аймақтық форум өтті. «Zhas Project» жобасына Маңғыстау облысынан ұсынылған 1264 жобаның 321-і грант ұтып алды. Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов қатысқан форумда жоба авторларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар жарты жыл ішінде атқарған жұмыстарының нәтижесін жария етті.

Ақтауда әлеуметтік жоба қатысушыларының аймақтық форумы өтті

- Бүгін берері мол бастаманың куәгері болып отырмыз. Осындай жобаны ұйымдастырып отырған Білім және ғылым министрлігіне алғысымды білдіремін. Себебі, өздеріңіз куә болғандай, жастар сан сала бойынша жобаға қатысып, белсенділік танытқан. Әрине, әлеуметтік жоба болғаннан кейін қаншама еңбек бар. Осы ретте жастарға сәттілік тілеймін. Өз кәсібін бастап, болашаққа құрған жоспарларының орындалуына тілектеспін, - деді аймақ басшысы С.Трұмов.

Жастар кәсібіне қолдау берген жоба нәтижесінде өңірде типография, сүт өнімдерін әзірлейтін орын, ағылшын тілі оқу орталығы, отандық аяқ киім және қолөнер бұйымдарын тігетін шеберханалар ашылып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр.

Форум аясында аудан-қалалардағы Жастар ресурстық орталығының белсенді жетекшілері марапатталды.

 

Маңғыстау облысы