Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда 75 мың шөжеге арналған жаңа корпус іске қосылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар ауданында орналасқан Якорь құс фабрикасы жылына 120 миллион дана жұмыртқа өндіреді.

Солтүстік Қазақстанда 75 мың шөжеге арналған жаңа корпус іске қосылды

Келесі жылы бұл көрсеткіш 150 миллион данаға жеткізілмек. Мұнда жуырда жаңа корпус пайдалануға беріліп, Ресейден әкелінген 75 мың “Кросс” тұқымды тауықтардың шөжелері бағылатын болады. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар Бельгиядан жеткізілген. Автоматты түрде басқарылатын қондырғылардың құны – 170 мың еуро.

«Өндіріс ауқымын кеңейту үшін мемлекеттің қолдауына жүгініп, екінші дәрежелі банк арқылы 700 млн теңге жеңілдікті несие рәсімделді. Осылайша, өнімділік деңгейі 1,1 млрд теңгеге, экспорт көлемі 25 пайызға артады. Жаңа жұмыс орындары құрылады. Төленетін салықтардың өзі ғана 40 млн теңгені құрайтын болады» дейді серіктестік директоры Ринат Бұланбаев.

Қазіргі күні 75 мың басқа шақталған тағы 2 корпус салынып жатыр. Бірі биыл, екіншісі  келесі жылы толық пайдалануға беріледі.

Бүгінде фабрикада 9 корпус жұмыс істейді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы