Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Алматы аулалары абаттандырылады 

67 реткөрсетілді

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала көшелері мен аулаларын жарықтандыру, модернизациялау мен реконструкциялау, аула аймақтарын күрделі жөндеу, арық жүйелерінің жағдайы, проблемалық учаскелер мен оларды ретке келтіру туралы брифинг өтті.

Алматы қаласының Жоспарлау мен урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қаланы дамыту жөніндегі перспективалы жоспарлар тек қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар, шет аймақты да қамтитынын атап өтті. Болашақ даму барысында бірқатар себеп бойынша кенжелеп қалған қаланың барлық учаскелерінде тиісті инфрақұрылымдар пайда болады.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев Алматы облысының жерлері қосылып, қаланың ұлғаюы барысында бірқатар ауданда көше жарықтарының болмауы проблема туғызғанын атап өтті. Бұл аудандарда жарықтандырудан өзге су және газ құбырларын тарту қажет.

«Бүгінгі күні қаладағы көшелердің жалпы саны 2746, соның ішінде 1 500 көше толық жарықтанған, қалғандары жартылай, ал 873 аулада көше жарығы мүлдем жоқ. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу аясында осы проблемаларды шешу үшін келісімшарттарға қол қою шаралары жүруде. Келер жылдың аяғына дейін қалаға қосылған аудандардың көшелері толық жарықтанады. Сонымен қатар қаланың бірқатар көшесіндегі ескі шамдар жарық жинайтын жаңаларымен ауыстырылуда», — деп хабарлады Әсет Масабаев.

Қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов Алматыда 1200 километрден астам арық барын, олардың 1102,3 км арық жүйесіне аудан әкімдіктері қызмет көрсететінін айтты. Қалғандары аулалар аумақтарында немесе иесіз.

Қалада соңғы 3 жыл ішінде 302,5 км арық салынды және жөнделді, осының арқасында кейбір аумақтарды су басып қалу үш есе азайды.

2019 жылы аудандар әкімдіктері 28,5 км арық жүйесін ағымдағы жөндеуден (аудандарға бөлгенде: Алатау — 4,4 км, Алмалы — 1 км, Әуезов — 4 км, Бостандық — 3,5 км, Жетісу — 3,8 км, Медеу — 3,3 км, Наурызбай — 3,2 км және Түрксіб — 5,3 км) өткізді.

Сонымен қатар басқарма басшысы құны 554 млн теңге болатын 376,26 км арық жүйесін салу мен реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге және бұрыннан бар арық жүйелеріне инвентаризациялауға, оның ішінде қалаға қосылған елді мекендердегі арық жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаңа арық жүйелері мен жауын кәріздерін салуға конкурс жарияланғанын хабарлады.

«Инвентаризациялаудан соң бірыңғай арық жүйесі мен жауын кәрізін салу бойынша кешенді шаралар қабылдау жоспарланған, ал бұл жауын суларының қала аумағынан, әсіресе, қалаға қосылған елді мекендерден толық сыртқа ағуына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ержан Сейтенов.

 

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала елінің ең ұлық мерекесі

Қазақстан • Бүгін, 13:28

Басылым басшылары - Мұхтар ӘУЕЗОВ (11.1921-12-1921)

Басылым басшылары • Бүгін, 13:06

Қаршадай қыздың қайсарлығы...

Руханият • Бүгін, 12:55

Тұлғаға тағзым жасалды

Руханият • Бүгін, 08:49

«Астана» маусымды аяқтады

Футбол • Бүгін, 08:40

Азаттық жолындағы тарихи қадам

Руханият • Бүгін, 08:17

Қазақ елін әлем таныды

Әлем • Бүгін, 08:15

Қиын сәтте де бірге болғанбыз!

Қазақстан • Бүгін, 08:12

Тәуелсіздік һәм түркі жұрты

Қазақстан • Бүгін, 08:03

40 пәтердің кілтін тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Түркияда тойланды

Қазақстан • Бүгін, 07:57

Экономика қарқынды өсуде

Экономика • Бүгін, 07:51

Мемлекеттік наградалар тапсырды

Парламент • Бүгін, 07:44

Ұқсас жаңалықтар