Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Қарағанды облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы «Күнгей» шағын ауданында жаңа мешіт салынды. Алланың жердегі үйінің салтанатты ашылу рәсімінде жергілікті тұрғындарды Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа құттықтады.

Қарағанды облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

Жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын жаңа мешіттің ішінде әйелдер мен ерлерге арналған бөлек залдар, діни оқу сыныптары және кітапхана орналасқан. Сондай-ақ мұнда 250 орындық асхана да жұмыс істейтін болады.

Ішіне 700 адам сыятын мешіттің құрылысына жергілікті кәсіпкер Алтай Ерғожин демеушілік еткен.

– «Күнгей» шағын ауданындағы өзекті проблеманың бірі мешіт үйінің жоқтығы еді. Жамағаттың осындай мұқтаждығын ескере келе, өз жанымнан қаржы бөліп, мешіт құрылысын қолға алдым. Маған күнгейліктер ғана емес, қаламыздың басқа да аудандарында тұратын азаматтар белсенді түрде көмек көрсетті, – дейді меценат.

Дәл осындай мешіттер алдағы уақытта Қарағандының іргесіндегі Сұрыптау және Пришахтинск елді мекендерінде де ашылатын болады.

 

Қарағанды облысы