Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Ұлттық Паралимпиадалық оқу орталығына барды.

Вице-премьер мен қала басшысы Ұлттық Паралимпиада комитеті мен Паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысымен танысты. Олар орталықтың жаттығу залын, волейбол, үстел теннисі, жекпе-жек алаңдарын аралап, спортшыларды жаттықтыруға арналған жаңа құрал-жабдықтарды көріп шықты.
Қазақстандағы алғашқы Паралимпиадалық орталық – бұл ұлттық құрамаларды сапалы және кәсіби даярлауға арналған бірегей ғимарат. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қажет барлық нәрсе бар: спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар, арнайы спорт залдары, дәрігерлер, массажистер, пандустар, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сәлемдесу, тактильді жабын тақтайшалары, кіреберіс есіктерін автоматты түрде ашатын және жабатын батырма және басқалар.
Орталықта күніне 780 адамға дейін спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік қарастырылған.
Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін алты жазғы, жеті қысқы Паралимпия ойындарына қатысқан. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында екі алтын, бір күміс жүлде бар. 2016 жылы Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Паралимпиадада 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Зүлфия Ғабидуллина чемпион атанып, тарихи алтын жүлдеге қол жеткізген еді. Яғни ел қоржынына тұңғыш медаль салған болатын. 2018 жылы Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) Паралимпиадада шаңғышы Александр Колядин Қазақстан құрамасына екінші алтын медальды әперді. Сондай-ақ Риодағы жазғы Паралимпиадада Раушан Қойшыбаева пара пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 кило салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленген-ді.
Енді қазақстандық паралимпиадашылар 2020 жылы Жапонияның бас шаһары – Токиода өтетін жазғы Паралимпиадаға дайындалуда. 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтетін додада спортшылар спорттың 22 түрінен бақ сынайды.
Қазіргі таңда ел қоржынында Токио Паралимпиадасына екі жолдама бар. Жаз мезгілінде елордада пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты ұйымдастырылып, Паралимпиада жолдамасы таратылған болатын. Елімізде өткен әлемдік сында отандастарымыз Давид Дегтярев пен Раушан Қойшыбаева Токио Паралимпиадасына жолдама жеңіп алған-ды.
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Ұқсас жаңалықтар