Парсы елінде жалауы желбірейтін айтулы бәсекеде үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының жалпы командалық есебінде алғашқы сегіз орынды иеленген мемлекеттердің өрендері ғана бақ сынау құрметіне ие болды.
Осы турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы Иран, Ресей және Куба балуандарымен бір топта өнер көрсетеді. Топтық турнир жарыстың алғашқы күні-ақ өз мәресіне жетеді. Біздің жігіттер алғашында Бостандық аралы өкілдерімен белдессе, одан кейін ресейліктер және боз кілем қожайындарымен күш сынасады. 29 қарашада түрлі орындардың иегерлері, әлем кубогының жүлдегерлері және жеңімпаз команда анықталады.
Ал келесі топта Өзбекстан, Грузия, Жапония және Венгрия құрамалары өзара шеберлік байқасады.