Спорт • 13 Қараша, 2019

Футбол: Лука Модрич Golden Foot сыйлығын иеленді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2003 жылдан бері Монакода дәстүрлі түрде өтіп тұратын салтанатты шара барысында Golden Foot сыйлығының жаңа иегері анықталды.  

 

Футбол: Лука Модрич Golden Foot сыйлығын иеленді

Айтулы жүлде осы спорт түрінің дамуына айрықшы үлес қосқан жасы 29-дан асқан футболшыға табыс етіледі. Биылғы жылы бұл сыйлық Хорватияның шоқ жұлдызы Лука Модричке табыс етілді. 34 жастағы жартылай қорғаушы 2018 жылы өз елінің ұлттық құрама командасымен бірге әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Мадридтің «Реалы» сапында Чемпиондар лигасын төрт рет ұтты. Былтыр Модрич дүниежүзілік доп додасының ең үздік ойыншысы және «Алтын доптың» иегері атанды. Хорват футболшысының одан да басқа толып жатқан атақтары тағы бар.

Күні кеше ғана өткен конкурста Лука Модрич небір саңлақтарға шап қаптырып кетті. Олардың қатарында Лионель Месси («Барселона»), Криштиану Роналду («Ювентус»), Тьяго Силва (ПСЖ), Роберт Левандовски («Бавария»), Жерар Пике («Барселона»), Серхио Рамос («Реал» Мадрид), Уэйн Руни («Ди Си Юнайтед»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити») және Джорджо Кьеллини («Ювентус») сынды мықтылар бар.