Аймақтар • 13 Қараша, 2019

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған «дуплекс» типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған. Түркістан облысы  әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн. теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше