Шеберлік-жоспарын жасау кезінде қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар тартылды, олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, сонау 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге жеткен екен. Жасыл желек көлемінің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына байланысты болуда.
Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы отырғызылғаны – 140 мыңға жуық.
Мәліметтерге жүгінсек, миллион ағаштар мен бұтақтар отырғызудың тиімділігі жоғары. Яғни, жасыл желектің арқасында 118 млн кг оттегі пайда болады, қаланы жасылдандыру аймағы 5000 шаршы метрге дейін жетеді, жол жиегіндегі шудың деңгейі 40%-ға, жасыл аймақтан 1 шаршы метр радиустағы шаң деңгейі 75%-ға төмендейді.
Сонымен қатар, қаланы абаттандыру деңгейі артады, демалыс аймақтары, скверлер мен саябақтар пайда болады. Мұның барлығы психологиялық ахуалға оң ықпал етеді және қалалықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасайды.
«Қаланы жасылдандырудың барлық жұмысы бірыңғай жүргізіліп, ағаштарды стихиялы түрде отырғызуға немесе қиюға болмайды. Біз сондықтан шеберлік-жоспарын әзірлеудеміз», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Жиында дүкендердің, салондардың және кәсіпкерліктің басқа нысандарының сыртын жауып тұратын ағаштарды кесуге тыйым салынатыны айтылды. Қайтарма ағаштарды отырғызуға бақылау күшейтіледі және кесілген ағаштардың орнына отырғызылатын жасыл желектің саны артатын болады.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев шеберлік-жоспарын толықтыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Жалпы, оның мазмұндық бөлігі нақтылануы және оны жүзеге асырудың пәрменді шараларының қарастырылғаны жөн. Оның ішінде, питомниктердің қуаты, жасыл желекті отырғызудың және оларды күтіп-баптаудың бірыңғай әдісі мен ережесі жіті назарға алынуы тиіс.
АЛМАТЫ