Қоғам • 14 Қараша, 2019

Орталық Азия елдерінің гендерлік теңдігіне арналды

561 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық Азия елдерінің өңірдегі гендерлік теңдіктің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуді ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары сарапшыларының өңірлік кеңесі өтіп жатыр.

Орталық Азия елдерінің  гендерлік теңдігіне арналды

«БҰҰ және әйелдер» ұйымы және Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған бұл кездесу 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласында қабылданған гендерлік теңдік міндеттемелерін орындау үшін қолда бар ресурстарды жұмылдыруға бағытталған.

ТМД шеңберінде гендер­лік көрсеткіштерді іске асыру­да­ғы ілгерілеу әйелдердің эконо­ми­ка­лық және әлеуметтік мәртебесінің регресі байқалатын Орталық Азия елдері үшін маңызды.

БҰҰ әйелдер ұйымының Еу­ро­па және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Блерто Чело өз құт­тықтауында гендерлік теңдіктегі күн тәртібінің 2030 жылға дейінгі басымдықтарын атап өтті. «Бұл құқық және осы құқықты жүзеге асыру біздің заманымыздың ең өзекті мәселелерін шешудегі мүм­кіндік. Әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін сақтау арқылы біз әділдік пен интеграцияға қол жеткізе аламыз. Сондай-ақ барлық салада жұмыс істейтін болашақ ұрпағымыз үшін қоршаған ортаны сақтай алатын экономикалық орта құра аламыз», деді Блерто Чело.

Жақын көршіміз Қырғыз үкіме­тінің «Бірлік, сенім, жасам­паз­дық» бағдарламасына гендерлік мақсатты көрсеткіштерді енгізіпті. Ал Тәжікстан болса гендерлік мақ­сатты көрсеткіштерді 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясына енгізген. Ал Өзбекстанның халықтың әл-ауқатын арттыру туралы страгегиясы басым секторларда айқындалған. Қазақстанда бұл процесс эволюциялық жолмен жүріп жатыр.

2018 жылы тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі ТМД үйлестіру бойынша ұлттық құрылым құру туралы қаулы шығарды. 2019 жылы шілде айын­да Нью-Йорктегі жоғары дең­гейдегі саяси форумда алғаш рет ерікті ұлттық шолуын ұсынды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев   Қазақ­стан Үкіметі «БҰҰ – Әйел­дер» Нұр-Сұлтан қаласындағы елдік офисімен гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бағдарламалық қызметі шеңберіндегі сындарлы өзара әре­кеттестікті жалғастыруды маңызды санайтынын айтты. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қолданатын жазаны қатаңдатуды тапсырды. Осы­ған байланысты Парламент қол­да­ныстағы заң жобасына өзгерістер енгізді. Сондай-ақ «Қазақстан отбасы зорлық-зомбылықтан таза» қанатқақты жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұру туралы жаңа заң жобасының негізіне айналатын сияқты.

 Бүгінде Қазақстанның қаржы саласында басшылық қызметтегі әйелдердің саны 30 пайыздан асады. Әйелдер 500-ден астам шағын және орта бизнес компанияларын басқаруда, яғни олардың 43 пайызын құрап отыр. Осы секторда құрылған барлық жұмыс орнының үштен бірі әйелдерге тиесілі. Мемлекеттік қызметтегі әйелдер үлесі – 56 пайыз, басшылық лауа­зымдық қызметтерде 41 пайыз, дипломатиялық корпуста 3 әйел елші, БҰҰ жанындағы Женева кеңсесі Тұрақты өкілдігінде 1 қа­зақстандық әйел бар.

Сонымен қатар жиында Қазақ­станның БҰҰ-ның 2030 жыл­ға дейінгі Тұрақты даму мақ­сат­тарына қол жеткізу бағытында атқарған жұмыстары жөнінде Сыртқы істер министрлігінің баяндамасы тыңдалды. Минис­трдің орынбасары Ержан Ашық­баевтың айтуынша, елімізде кез келген саладағы әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу көзделген.

«2015 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясы кезінде ұйымға мүше елдердің бәрі 17 орнықты даму мақсатын бекіткен болатын. Соның бірі гендерлік саясат­қа қатысты. Меженің басты мақ­саты қоғамның жартысын құрай­тын әйелдер қауымының мүмкін­дігін пайдалана отырып, тепе-теңдік сақтауға көңіл бөлу», деді Е.Ашықбаев.

Ел ішінде некесі бұзылып жат­қан отбасылардың саны алаң­датарлық. Сарапшылар жаңа заман жаңа толқындағы жастар буынын қалыптастырғанын және ол отбасылық құндылықтарға да әсерін тигізе бастағанын айтады. 

«Бұл іс-шараның Қазақстан Үкіметінің гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңей­ту мәселелеріне белсенді көңіл бөлуі аясында өткені қуантуда. Ағымдағы жылдың күзінде Жене­вадағы БҰҰ комитетінде Қазақ­стан Әйелдерге қатысты кемсi­тушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенция аясындағы міндеттемелерін орындау туралы 5-ші баяндамасын ұсынады, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен «Бейжің+25» іс-қимыл платформасын іске асыру бойынша өңірлік кеңестерге қатысады» деді Ержан Ашықбаев

«БҰҰ – Әйелдер» құрылы­мын­ың Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевич өткен іс-шара­ның Қазақстан Үкіметінің елдегі гендерлік күн тәртібін іске асыру­ға деген міндеттемесін растайтынына сенімділігін атап өтті.

«Осы кездесуде ұсынылған бір­лескен іс-қимыл жоспары Орта­лық Азиядағы гендерлік теңсіз­дік проблемасын шешу үшін іс-қимылға жаңа серпін береді деген үміт бар.  Жиын қорытын­дысы бойынша гендерлік мейнстри­мингті ілгерілету үшін саясаттағы, экономикадағы және қоғамдағы әйел­дер көшбасшылығын дамы­туға бағытталған ұсынымдар әзір­ленді.  

 АЛМАТЫ