12 Маусым, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №115

2029 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №115

Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:08

2013 жылғы 3 сәуір ,    Астана қаласы

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың  1-25-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:08

2013 жылғы 3 сәуір ,    Астана қаласы

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың  1-25-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

2) осы бұйрықтың  26-58-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
3) осы бұйрықтың  59-108-қосымшаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
4) осы бұйрықтың  109-113-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.
2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі – ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін  бастауыш, негізгі орта, жалпы орта  білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің, таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.

Министр     Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары
№    Атауы    Сынып    Мектептің
оқыту тілі
1    Сауат ашу (оқу, жазу)    1    Қазақ
2    Қазақ тілі    2-4    Қазақ
3    Әдебиеттік оқу    2-4    Қазақ
4    Орыс тілі    3-4    Қазақ
5    Ағылшын тілі    1-4    қазақ/орыс
6    Математика     1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
7    Дүниетану    1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
8    Өзін-өзі тану    1-4    қаз./орыс./
9    Музыка     1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
10    Бейнелеу өнері    1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
11    Еңбекке баулу     1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
12    Дене шынықтыру    1-4    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
13    Сауат ашу (оқу, жазу)    1    Орыс
14    Орыс тілі    2-4    Орыс
15    Әдебиеттік оқу    2-4    Орыс
16    Қазақ тілі    1-4    қазақ тілінен басқа
17    Сауат ашу (оқу, жазу)    1    Ұйғыр
18    Сауат ашу (оқу, жазу)    1    Өзбек
19    Сауат ашу (оқу, жазу)    1    Тәжік
20    Әдебиеттік оқу    2-4    Ұйғыр
21    Әдебиеттік оқу    2-4    Өзбек
22    Әдебиеттік оқу    2-4    Тәжік
23    Ана (ұйғыр) тілі    2-4    Ұйғыр
24    Ана (өзбек ) тілі    2-4    Өзбек
25    Ана (тәжік) тілі    2-4    Тәжік

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін  пәндерінің
үлгілік оқу бағдарламалары
№    Атауы    Сынып    Мектептің оқыту тілі
26    Қазақ тілі    5-9    қазақ
27    Қазақ әдебиеті    5-9    қазақ
28    Орыс тілі    5-9    қазақ
29    Орыс әдебиеті    5-9    қазақ
30    Шетел тілі    5-9    орыс
31    Математика     5-6    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
32    Алгебра     7-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
33    Геометрия     7-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
34    Информатика     5-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
35    Жаратылыстану    5    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
36    География     6-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
37    Биология     6-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
38    Физика     7-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
39    Химия     8-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
40    Қазақстан тарихы    5-9     қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
41    Дүниежүзі тарихы    6-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
42    Адам. Қоғам. Құқық    9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
43    Өзін-өзі тану    5-9    қаз./орыс
44    Музыка     5-6    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
45    Бейнелеу өнері    5-6    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
46    Технология     5-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
47    Сызу    9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
48    Дене шынықтыру    5-9    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
49    Орыс тілі    5-9    орыс
50    Орыс әдебиеті    5-9    орыс
51    Қазақ тілі    5-9    қазақ тілінен басқа
52    Қазақ әдебиеті    5-9    қазақ тілінен басқа
53    Ана (ұйғыр) тілі    5-9    ұйғыр
54    Ана (өзбек ) тілі    5-9    өзбек
55    Ана (тәжік) тілі    5-9    тәжік
56    Ұйғыр әдебиеті    5-9    ұйғыр
57    Өзбек әдебиеті    5-9    өзбек
58    Тәжік әдебиеті    5-9    тәжік

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары

№    Атауы    Сынып    Мектептің  оқыту тілі
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
59    Қазақ тілі    10-11    Қазақ
60    Қазақ әдебиеті    10-11    Қазақ
61    Орыс тілі    10-11    орыс тілінен басқа
62    Орыс әдебиеті    10-11    орыс тілінен басқа
63    Шетел тілі    10-11    Орыс
64    Қазақстан тарихы    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
65    Дүниежүзі тарихы    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
66    Адам. Қоғам. Құқық    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
67    Өзін-өзі тану    10-11    қаз/орыс
68    Алгебра және анализ бастамалары    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
69    Геометрия     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
70    Информатика     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
71    Биология     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
72    География     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
73    Физика     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
74    Химия     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
75    Технология     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
76    Дене шынықтыру    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
77    Алғашқы әскери дайындық    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
78    Орыс тілі    10-11    Орыс
79    Орыс әдебиеті    10-11    Орыс
80    Қазақ тілі    10-11    қазақ тілінен басқа
81    Қазақ әдебиеті    10-11    қазақ тілінен басқа
82    Ана (ұйғыр) тілі    10-11    Ұйғыр
83    Ана (өзбек ) тілі    10-11    Өзбек
84    Ана (тәжік) тілі    10-11    Тәжік
85    Ұйғыр әдебиеті    10-11    Ұйғыр
86    Өзбек әдебиеті    10-11    Өзбек
87    Тәжік әдебиеті    10-11    Тәжік

Жаратылыстану-математикалық бағыт

88    Алгебра және анализ бастамалары    10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
89    Геометрия     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
90    Информатика     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
91    Биология     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
92    География     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
93    Физика     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
94    Химия     10-11    қаз./орыс./ұйғыр./өзбек./тәжік.
95    Қазақ тілі    10-11    Қазақ
96    Қазақ әдебиеті    10-11    Қазақ
97    Орыс тілі    10-11    орыс тілінен басқа
98    Орыс әдебиеті    10-11    орыс тілінен басқа
99    Орыс тілі    10-11    орыс
100    Орыс әдебиеті    10-11    орыс
101    Қазақ тілі    10-11    қазақ тілінен басқа
102    Қазақ әдебиеті    10-11    қазақ тілінен басқа
103    Ана (ұйғыр) тілі    10-11    ұйғыр
104    Ана (өзбек ) тілі    10-11    өзбек
105    Ана (тәжік) тілі    10-11    тәжік
106    Ұйғыр әдебиеті    10-11    ұйғыр
107    Өзбек әдебиеті    10-11    өзбек
108    Тәжік әдебиеті    10-11    тәжік

Негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары
№    Атауы    Сынып    Мектептің  оқыту тілі
109    Өлкетану    7    қазақ/ орыс
110    Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы    8    қазақ қазақ/ орыс
111    Дінтану негіздері    9    қазақ қазақ/ орыс
112    Алаштану    9    қазақ қазақ/ орыс
113    Абайтану    9-11    қазақ қазақ/ орыс

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2013 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8424 болып енгізілді.