Аймақтар • 14 Қараша, 2019

МРТ алуға жарты миллиард жұмсалған

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінің денсаулық мәселесін қараған отырысында соңғы уақыттарда оң көрсеткіштердің тіркелгені белгілі болды. Оған негізгі себеп - сырқатты алдын ала анықтайтын жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың сатып алынуы болып отыр.  

МРТ алуға жарты миллиард жұмсалған

Соның ішінде жаңадан 3,8 млрд теңгеге медициналық қондырғылар алынбақшы. Жыл соңына дейін облыстық ауруханаға 549 млн теңге  тұратын жаңа магнитті-резонансты томограф (МРТ) келеді. Сонымен бірге жаңа ангиограф та алынады. Бұның барлығы инсульттің алдын алуға және емдеуге мүмкіндік бермек. «Аудандық ауруханаларға 4 маммограф алынады. Биыл онкоорталықта цифрлы маммограф қойылды, ол обырды бастапқы кезеңде анықтайды. Жыл соңына дейін 13 реанимобиль келеді» деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

Биылғы 10 айда ана өлімі тіркелмеген. Ал бала өлімі 20 пайызға қысқарған. Қан айналымы дерттерінен көз жұмғандар саны 11 пайызға азайған.

Қазір облыста медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі де шешілуде. Биыл облыс 98 дәрігерді қабылдады. Ал былтыр 56 маман келген еді. Облыстық бюджеттен алғаш рет 77 докторды резидентурада оқытуға ақша бөлінген. Ал жаңадан келген дәрігер-мамандар баспанамен қамтамасыз етілген және көтерме өтемақы төленуде екен. Осындай оң үрдістер жалғастыра беретін болса, облыс денсаулық сақтау жөнінен республикадағы алдыңғы орындардың қатарынан көрінуге тиіс.