Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Маңғыстауда жастар арасында психологиялық тренингтер өткізілуде

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жанжалдарды шешу, стресстік тұрақтылық пен оқушылардың коммуникативтік қасиеттерін дамыту бойынша мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ мектеп пен колледж психологтары арасында  медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Коммуникативтік дағдылар мен денсаулық психологиясы» кафедрасының профессоры Марат Әсімов семинар-тренинг өткізуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда жастар арасында психологиялық тренингтер өткізілуде

Тренингті облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы ұйымдастырды. Бұл – СӨСҚ орталығының шақыруы бойынша Ақтауда профессор Марат Әсімов өткізген екінші көшпелі семинар.

Оқушылар мен студенттер күрделі, бір қарағанда, психологиялық ойлар мен тәжірибелерді қабылдай алады ма деген толқуыма қарамастан, тренингті олар үлкен қызығушылықпен қабылдады. Сонымен қатар тиісті екі сағаттың орнына біз үш сағаттық тренинг өткіздік. Мектеп психологтары біздің өзін-өзі ұстау әдісімізді үйренеді, бұл оларға қиын, өйткені олар педагогикалық процестің психологиясын зерттеді, психокоррекциямен аз айналысады. Іс жүзінде оларға қиын, сондықтан біз ата-аналарымен немесе құрдастарымен қарым-қатынасы жоқ, өзіне – өзі қол жұмсау туралы ойлары бар мектеп оқушыларымен қалай жұмыс істеу жөнінде нақты тәжірибе береміз.

Белсенді және ынталы ұйымдастырушыларға осы өзекті тақырыпқа үлкен мән беретіндігіне рахмет, бұл мәселені психологиямен, психогигиенамен, психопрофилактикамен айналысатын адам ретінде, біздің азаматтарымыз үшін көбірек ақпарат алу өте маңызды, деді профессор. Тренинг соңында облыс мектептері мен колледждерінің 80 психологтары сертификат алды. Профессор Әсімов Ақтау №1 орта мектебінде, Маңғыстау туризм колледжінде оқу тренингін өткізді.