«Ерте босану деңгейі босанудың жалпы санының үш пайызын құрады. Кешігіп босану аз болды. Серіктестік босану көрсеткіші өткен жылдар деңгейінде, шамамен 88 пайыз. Өткен жылдағыдай, әйелдердің 20 пайызы ота арқылы босанды. Тәуелсіз сараптама жүргізілді, ол жаңа туған нәрестелердің өлім-жітімінің басым еместігін растады. Бізде ана өлімі болған жоқ, деді АҚПО директоры.2020 жылы республикалық бюджет қаржысына орталыққа қажетті қосымша медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда. АҚПО- да кадрлық тапшылық жоқ.
Қазір орталық 2020 жылдың екінші тоқсанында өтетін аккредиттеуге дайындалуда. Кәсіпорынның аккредитациялаудан сәтті өтуі оған мемлекеттік тапсырыс алуға, рейтингке - сапалы медициналық көмек көрсетуге құқық береді. Бұдан басқа, аккредиттеу орталыққа 2020 жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге құқық береді. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы АҚПО I санатты алып (облыстағы жалғыз) процедурадан өтті», делінген хабарламада.
10 ай ішінде Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 5 010 бала дүниеге келді (өткен жылы — 5 264 бала). Олардың ішінде 20 егіз және бір үшем (2018 жылы — 31 егіз, үшем болмаған). Бұл туралы орталық директоры Ғалия Махимова мәлімдеді.
Korea Open: Қазақ балуандары 6 медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:48
Санитариялық авиация қызметі 1874 ұшуды орындаған
Медицина • Бүгін, 18:38
Ел азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 17:45
Қазыналы қариялар редакцияда қонақта
Мәдениет • Бүгін, 17:30
Цифрлық даму министрлігі 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқытады
Оқиға • Бүгін, 17:15
Еліміздегі 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді
Оқиға • Бүгін, 16:50