Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Маңғыстауда полицейлер Ассамблея өкілдерімен кездесті

396 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы Полиция басқармасында Этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен конференция ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Маңғыстауда полицейлер Ассамблея өкілдерімен кездесті

Халықтар достығы, бейбітшілік пен келісімді нығай­туда атқарылып жатқан іс-шараларға үн қосу мақсатындағы жиынға Маңғыстау облысы ҚСБ қызметкерлері, Ақтау қаласы ПБ құрылымдық бөліністерінде қызмет етіп жүрген өзге ұлт өкілдері қатысты.

-Елбасы жүргізіп отырған саясаттың бір тіні ұлтаралық татулық екені мәлім.Этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Қазақстанда татулық пен бейбітшілік тіні орнығып, осында мекен ететін барлық этностардың көп ғасырлық салт-дәс­түрлері мен мәдениетінің сақ­талуы мен жандануына өлшеусіз үлес қосқаны үшін ең алдымен Елбасымызға шексіз алғыс білдіреміз. Маңғыстау облысының ішкі істер органдарында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері өте көп. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Тіпті менмлекеттік тілді үйрену «Қазақ тілі» курстары да ашылған. Қызмет барысында барлығы бір үйдің баласындай тату-тәтті, қарым-қатынастары ортақ, ауызбіршілігі жарасқан. Қызметкерлеріміздің арасында мақтан тұтатын өзге ұлт өкілдері де бар. Олар осы қызметтің намысын қорғап, талай жарыстардың жүлделі орындарын қанжығаларына байлаған. Біз бұл қызметкерлерді мақтан тұтамыз, деді баяндамасында Ақтау қалалық ПБ КСб бастығы полиция подполковнигі Илияс Кирбасов.

Конференция барысында қатысушылар пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарды талқылады.

Бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақстандықтарға өзге ел қызығып қарайды. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген қағидаға сүйенген елімізде әр ұлттың өз тарихы мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беріліп, жағдай жасалған. Осыған дәлел – Достық үйі. Халықтар арасындағы достықты насихаттап, ұлттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көңіл бөліп, сарабдал саясат ұстанып отырған мемлекетіміздің жетістігі. Өздеріңіз білетіндей, облыстық Достық үйінің негізгі қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясы стратегиясын жүзеге асыруға, түрлі мемлекеттік бағдар­ламаларды орындауға бағытталған. Олардың ең негізгілері – мәдени-рухани кеңістікті қазақстандық патриотизм рухы, қазақ ұлтының мәдениеті мен мемлекеттік тілі негізінде байыту, облыстағы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тілін сақтап, дамытуға бірлесе күш салу. Біз осындай бірлігі жарасқан Қазақ елінде тұратынымызды әрқашан мақтан етіп жүруіміз тиіс. Бүгінгі қоғам полиция қызметінің еңбегін бағалап жатыр. Біз де жұмысымызды барынша жандан­дырып, басты байлығымыз – халықтар достығы, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға сүбелі үлес қоса беретін боламыз, деді Этномәдени бірлестігінің жетекшісі Юсуп Шахшаев.

Сондай-ақ «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Кержбаум Юрий, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Курдоглян Айрапет конференцияға қатысқан жастарға Қазақстан елінің ұлтаралық достастығы, тарихының өзге елдермен байланысына тоқталып өтті.

-Сіздер қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өзге ұлт өкілдерінен құралған қызметкерлерді тәрбиелеп, халық үшін аянбай қызмет етіп келесіздер. Еліміздің тұрақты дамуына, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге үлкен үлес қосудасыздар. Мен сіздерге игілік, біздің халқымыздың бірлігін нығайтудағы істе табыстар, бақыт, бейбітшілік және әр жанұяға береке тілеймін, деді Маденова Райса «Чосон» кәріс энномәдени бірлестігінің төрайымы.