Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №824
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:19
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Сәрсенбі, 12 маусым 2013 1:19
2012 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы № 824 бұйрығымен бекітілген
«Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабына, «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Өздігімен жүретін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелердің мемлекеттік органдары.
3. «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының;
2) Стандарттың;
3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі өздігімен жүретін шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат, сондай-ақ олардың толтыру үлгілері:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
1414 call-орталығында орналастырылған.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беруден бас тартылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген сәттен бастап, мемлекеттік қызметтің нәтижелерін оған бергенге дейін мемлекеттік қызметті көрсетудің кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО өтініш береді;
2) ХҚКО қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.
Құжаттарды ХҚКО уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкод Сканердің көмегімен тіркеледі;
3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға не оның орынбасарына қарауға береді;
4) уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары қарағаннан кейін, құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығына/маманына тапсырады;
5) су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті ұсынылатын талаптар сәйкестігіне қарайды және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына тапсырады;
6) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы өтінішті қарайды және кеме жүргізушілерін өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтихан тапсырудың мерзімін анықтайды, содан кейін емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелденген бас тарту дайындайды, кейін уәкілетті орган басшыларына қол қоюға жібереді;
7) уәкілетті органның басшысы емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаға немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;
8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелденген түрде бас тартуды ХҚКО-ға жолдайды;
9) емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны немесе дәлелді түрде бас тартуды ХҚКО алғаннан кейін, мемлекеттік қызметті алушыға хабарлайды және хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды жеке қатысуымен қол қою арқылы және жеке куәлікті немесе сенімхатты көрсету бойынша берілу жүзеге асырылады;
10) су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтихан өткізуді дайындайды, мемлекеттік қызмет алушы емтихан тапсыруды жүзеге асырады, емтихан тапсырылғаннан кейін, жеті жұмыс күн ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді басқару құқығына куәлік беруді немесе дәлелденген бас тартуды ресімдейді;
11) уәкілетті органның басшысы бір жұмыс күні ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді басқару құқығына куәлік беруге немесе дәлелді түрде бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;
12) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жолдайды.
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін алу кезінде ХҚКО түскен құжаттарды штрихкодты Сканердің көмегімен тіркейді;
13) ХҚКО қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызметті алушыға береді.
15. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар
(өзара іс-қимылдар) сипаттамасы
16. Қызметкердің тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетілу арқылы құжаттарды қабылдау ХҚКО операциялық залында «тосқауылсыз қызмет көрсету» бойынша жүзеге асырылады.
ХҚКО мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге үшін өтінішті алған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай ҚФБ іске қосылған:
1) ХҚКО қызметкері;
2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;
3) Уәкілетті органның кеңсе қызметкері;
4) Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары;
5) су көлігінде бақылау басқармасының бастығы;
6) су көлігінде бақылау басқармасының маманы;
7) курьер.
18. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы келтірілген.
19. Осы Регламентке 2-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы келтірілген.
20. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылын сипаттау
Жалпы үдерістің іс-әрекеті
Іс-әрекетттің № 1 2 3 4 5 6
ҚФБ-ң атауы ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылауды жүзеге асыратын маман
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Өтінішті қабылдау және тіркеу Құжаттарды уәкілетті органға беру Алынған құжаттарды тіркеу Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру туралы өтінішті қарау Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау, емтихан тапсыру мерзімін анықтау, емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ресімдеу
Аяқталу мерзімі Орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетілген қарары бап құжаттар Орындау мерзімі мен жауапты орындаушы көрсетілген қарары бар құжаттар Емтихан өткізу мерзімі туралы ресімделген хабарлама
Орындау мерзімі
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Емтихан тапсырушыға емтихан өткізілетін мерзім туралы хабарлау Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ХҚКО жіберу Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаға қол қою
Аяқталу нысаны Емтихан тапсырушы хабарланды Қол қойылған Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарлама
Орындау мерзімі
Іс-әрекеттің атауы және оның сипаты Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ХҚКО жіберу Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке қол қою Емтихан өткізуіне дайындық жүргізу. Емтиханды жақсы тапсырған кезден бастап, өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу
Аяқталу нысаны Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жіберілген куәлік Қол қойылған өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлік
Орындау мерзімі 2 күн 1 күн 7 күн
2-Кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі үдерісі
ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы
1. Өтінішті қабылдау және тіркеу 2.Құжаттарды уәкілетті органға беру 3. Алынған құжаттарды тіркеу 4. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру туралы өтінішті қарау 5. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау 6. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау, кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтихан тапсыру мерзімін анықтау, емтихан өткізуіне дайындық жүргізу. Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ресімдеу
9. Емтихан тапсырушыға емтихан өткізілетін мерзім туралы хабарлау 8. Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ХҚКО жіберу 7. Емтихан өткізу мерзімі туралы ресімделген хабарламаға қол қою 10. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау бойынша емтиханға дайындық жүргізу,
емтиханды жақсы тапсырған жағдайда, өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдейді.
14. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру 13.Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ХҚКО жіберу 12. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке қол қою
3-Кесте. Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
Мемлекеттік қызмет көрсетудің балама үдерісі
ХҚКО қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылауды бөлімінің маманы
Өтінішке тіркеу жүргізеді 2. Құжаттарды уәкілетті органға беру 3. Алынған құжаттарды тіркеу 4. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру туралы өтінішті қарау 5. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау 6. Ұсынылған құжаттар тізбесін талап сәйкестілігіне қарау, емтихан тапсыру мерзімін анықтау, емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ресімдеу
9. Емтихан тапсырушыға емтихан өткізілетін мерзім туралы хабарлау 8. Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны ХҚКО жіберу 7. Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаға қол қою 10. Емтихан өткізуіне дайындық жүргізу. өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша қорытындысын ресімдеу
13.Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша қорытындысын беру 12. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша қорытындысын ХҚКО жіберу 11. Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша қорытындысына қол қою
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 2- қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі
ХҚКОтың қызметкері ХҚКО жинақтаушы қызметкері Уәкілетті органның кеңсе қызметкері Уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бастығы Су көлігіндегі бақылау бөлімінің маман
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 3- қосымша
__________________________________
(Уәкілетті органныың атауы)
БАСТЫҒЫ
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
тұрғылықты мекенжайы:
__________________________________
(мекенжайы)
Өтініш
Сізден мені кеме жүргізушілерін шағын көлемді кеменің ____ Кв. қозғалтқыш қуатымен басқару құқығына аттестаттау жүргізуіңізді сұраймын. Жүргізу тәжірибем бар.
20__ ж «____»__________ __________________
(қолы)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8150 болып енгізілді.