Аймақтар • 15 Қараша, 2019

Өзбек этносының мәдени күні аталып өтті

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Достық үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өзбек этномәдени бірлес­ті­гінің ұйымдас­тыруымен «Сыр елі – достық мекені» жобасы аясында өзбек этносының мәдени күні аталып өтті.

Өзбек этносының мәдени күні аталып өтті

Іс-шараға облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясы хат­шылығының меңгерушісі Л.Төрешова, этномәдени бір­лес­­тік басшылары мен бел­сенділері, еңбек арда­герлері, студент жастар қатысты.

Этнос күні аясында Дос­тық үйінің фойесінде өзбек халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін су­рет­тейтін ұлттық әшекей бұ­йымдарынан, өрнекті ыдыс-аяқтарынан, тұрмыста пай­даланылатын заттарынан, ұлттық нақыштағы киімде­рінен көрме әзірленді.

Сонымен қатар Шымкент қалалық өзбек драма театр­ы өнерпаздарының арнайы ме­рекелік концерті ұсынылды. Мерекелік концерт барысында Л.Төрешова өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзбек этномәдени бірлестігінің бірқатар белсендісін Алғыс хатпен марапаттады. «Өз еңбекқорлығымен Сыр елінің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тарихы тамырлас екі халықтың достығы ежелден беріктігін бұзған емес. Бүгінгі мерекелік концертте біз өзбек ағайындарымыздың өнерден бөлек, мәдениетінен сыр шертетін ұлттық нақыш­тағы қолөнер көрмесін та­ма­шаладық. Өнерпаздардың өнеріне тәнті болдық. Осы сәт­ті пайдалана отырып, Қахар Алимович басқарып отырған об­лыстық өзбек этномәдени бір­лес­тігінің белсенді мүше­леріне алғысымды білдіргім келеді», деді ол.

Концертте Шымкент қала­сынан келген өзбек этно­сының ән-би ұжымдары өнер көр­сетіп, ұлттық аспаптарын­да түрлі композициялар орындады.