Спорт • 15 Қараша, 2019

Теннис: Алғашқы топта Доминик Тим озды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан теннистен АТР-дің қорытынды турнирінің Бьорн Борг тобындағы бәсекелер аяқталды.

Теннис: Алғашқы топта Доминик Тим озды

Осы топта бақ сынаған төрттіктің арасынан Доминик Тим суырылып шықты. Осыған дейін Роджер Федерер (Швейцария) мен Новак Джоковичке (Сербия) сан соқтырған Австрияның өкілі соңғы бәсекеде ойда-жоқта Маттео Берреттиниге (Италия) есе жіберді. Бұл кездесу 6:7, 3:6 есебімен аяқталды. Ал Федерер мен Джокович арасындағы сайыста алғашқысы жеңіске жетті – 6:4, 6:3. Нәтижесінде Тим топ жарса, Федерер екінші орын алды. Джокович пен Берреттини үшінші және төртінші орындарды еншіледі.  

Бүгін Андре Агассидің тобындағы бәсекелер өтеді. Стефанос Циципас (Грекия) мен Александр Зверев (Германия) күш сынасса, Даниил Медведев (Ресей) пен Рафаэль Надаль (Испания) шеберлік байқасады. Бұл төрттіктің арасында әзірге өтеді Циципас жеке-дара көш бастап тұр. Осыған дейін грекиялық теннисші екі ойында да жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарды Зверев пен Рафаэль Надаль өзара бөлісуде. Олар бір кездесуді ұтып, біреуінде ұтылды. Қатарынан екі рет жеңілістің кермек дәмін татқан Медведев төртінші сатыға тұрақтады.