Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 582
Сенбі, 15 маусым 2013 1:23
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж. № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Сенбі, 15 маусым 2013 1:23
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж. № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылу мониторингін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Мониторинг пен бағалау негізінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру, оның іске асырылуының мониторингін жүргізу, бағалау және бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.»;
28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.
Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамды схемасын, мемлекеттiк бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын әзiрлеу, iске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргiзу ережелерiнде:
94-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«94. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді.»;
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
96-1 және 97-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«96-1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпарат береді.
97. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.»;
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«153. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.»;
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«177. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.
Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.»;
237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«237. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы (ұсынысы) қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және бақылау объектілеріне жіберіледі.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 13 маусым № 582