Сабақ Орта Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің аймақтық өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тренинг Қазақстан қорғаныс ведомствосы мен халықаралық ұйымның 2019 жылға бекітілген ынтымақтастық жоспарына сәйкес бірлескен шараларының бір бөлігі болып табылады.
Бұдан басқа, бітімгершілік әлеуетін одан әрі дамыту және қазақстандық әскери қызметшілерді даярлау аясында "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" оқу орталығының бастығы полковник Амангелді Әубәкіров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашибаевпен кездесті.
Тараптар орталықтың ағымдағы қызметін талқылады және ынтымақтастықты жалғастыруға, оның ішінде үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстанның әскери қызметкерлерін даярлауды ұйымдастыруға дайын екендіктерін растады.