Аймақтар • 16 Қараша, 2019

Елордада 719 спорт нысаны бар – Берік Маржықпаев

23 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде брифинг барысында қала бойынша дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Елорда бүгінгі уақытта спорттық іс-шаралар орталығына айналды. Қазір спорт бұқараға қолжетімді болды. Соңғы 5 жылда спорт ғимараттарының саны 119 нысанға артты. Барлығы 719 спорт нысаны (оның ішінде спорт сарайлары – 4, жазықтық құрылғылары – 324, бассейндер – 23, спорт залдары – 215 және т. б.). Айта кетер болсақ, жастар арасында жүгіру және велоспорт трендке айналды. Олардың арасында әсіресе «Astana Bike» танымал. Елордалықтарға ыңғайлы болу үшін қалада 1200-ден астам велосипеді бар 186 велостанция орнатылды. Жыл сайын веложолдардың ұзындығы артып келеді, тек осы жылы 34 км құрады. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш», – деді Берік Маржықпаев.

Бұдан басқа, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің» құрылысы аясында «Ильинка», «Көктал 2», «Өндіріс», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланғанын айтып, олар 2021 жылы аяқталатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923)

Басылым басшылары • Бүгін, 14:55

Басылым басшылары - Тәмимдар САФИЕВ (1892-?)

Басылым басшылары • Бүгін, 11:28

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар