«Елорда бүгінгі уақытта спорттық іс-шаралар орталығына айналды. Қазір спорт бұқараға қолжетімді болды. Соңғы 5 жылда спорт ғимараттарының саны 119 нысанға артты. Барлығы 719 спорт нысаны (оның ішінде спорт сарайлары – 4, жазықтық құрылғылары – 324, бассейндер – 23, спорт залдары – 215 және т. б.). Айта кетер болсақ, жастар арасында жүгіру және велоспорт трендке айналды. Олардың арасында әсіресе «Astana Bike» танымал. Елордалықтарға ыңғайлы болу үшін қалада 1200-ден астам велосипеді бар 186 велостанция орнатылды. Жыл сайын веложолдардың ұзындығы артып келеді, тек осы жылы 34 км құрады. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш», – деді Берік Маржықпаев.
Бұдан басқа, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «100 Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің» құрылысы аясында «Ильинка», «Көктал 2», «Өндіріс», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланғанын айтып, олар 2021 жылы аяқталатынын жеткізді.