Қазақстан • 16 Қараша, 2019

Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. Министрлер Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары консультативтік кездесуінің күн тәртібін, бірлескен мәлімдемесі мен регламентінің жобаларын нақты қарады. Сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістігі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ОА мемлекеттері басшыларының Жұмыс (консультативтік) кездесуі болды. Бұл – көп жылдар ішіндегі мұндай форматтағы алғашқы кездесу болып, оның барысында өңір елдерінің көшбасшылары бесжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын анықтап, болашаққа жоспарлар белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Кездесу қатысушылары өзбек тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Өзбекстанның аймақтық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.