Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №216
Сәрсенбі, 19 маусым 2013 0:50
2013 жылғы 3 маусым Астана қаласы
2013-2014 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабы 2-1) тармақшасын, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 500 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2013-2014 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2013-2014 оқу жылына арналған сырттай қысқартылған оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Жақыпова Ф.Н.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.