Азия даму банкінің президенті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныс екенін жеткізіп, аталған стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, əсіресе, оның əлеуметтік маңызына оң бағасын берді.
Сонымен қатар Қасым хандығының ханы, қазақ даласының сұлтаны Ораз-Мұхаммедке денесі көмілген топырақта – Ресей Федерациясының Қасымов ауданында құран бағышталып, құлпытас қойылғаны туралы ақпаратта осы санда берілген.
Журналист Арман Октябрь «Күмәні көп «Көкжайлау» мақаласында «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу тақырыбына тоқталып, бұған дейін қаншама қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары дəл қазіргі жағдайда тау шаңғысы курортының Алматы үшін аса қажеттілігі жоғын айтып дабыл қаққанын жеткізді.
Ағымдағы ақпараттар мен саяси сараптамалардан бөлек газеттің бүгінгі санында тарихи Талас құрылтайына арналған мақалада жарық көрді. Конференция жұмысына қатысқан барлық ғалымдар Шыңғыс хан, Жошы, Шағатай ұлыстарына қатысты, Алтын Орда тарихына қатысты өз ойларын ортаға салды. Алтын Орда тарихының 750 жылдығы қазақ халқы үшін айтулы тарихи оқиға екені де айтылды.
Қазақстанның барлық өңіріндегі ақпаратты бақылауда ұстайтын басылымның осы санында экономикадағы елеулі жаңалықтар мен келелі кездесулер де жарық көрді. Сонымен бірге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өткені туралы ақпарат шықты.
Ғасырлық тарихы бар «Егемен Қазақстан» жайлы есті естеліктерден тұратын маңызды мәліметтерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепбергеннің «Сағынышты жылдар мен жолдар» атты мақаласынан оқуға болады.
Орамды ой, пайымды пікірлерді қамтыған Парламент Мәжілісінің депутаты, көрнекті публицист, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахмановпен болған сұхбатта кезекті газет санынның өзекті бір тұсы деуге болады.
Осы және өзге де ақпараттарды газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.