Осылайша «Тараз» командасы келесі жылы ел чемпионатында бақ сынайтын болды. Биылғы біріншілікте 10-орын иеленген «Тараз» командасы жоғары лигада қалу үшін Бірінші лигада 3-орын алған Оралдың «Ақжайық» клубымен қосымша ойын өткізуі керек болған.
Екі ойыннан тұратын матчтың бірінші ойыны Оралда 0:0 есебімен аяқталған-ды. Кеше өткен қарымта кездесуде «Тараз» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі жылы премьер-лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.