Видео • 19 Қараша, 2019

«Egemen Qazaqstan» газетінің 19 қараша күнгі санына шолу (видео)

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің 19 қараша күнгі саны Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдағаны туралы ақпаратпен басталып, тауар айналымына қатысты экономикалық сараптама мақаламен сабақтасқан.

«Egemen Qazaqstan» газетінің 19 қараша күнгі санына шолу (видео)

«Егемендік» Еркежан Айтқазы «Баспанамен қамтитын басты бағдарлама» атты материалында Үкімет отырысынан ақпар беріп, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің қанатқақты жобалары жөнінде баяндайды.

***

Саяси салмақты сарапталар мен стратегиялық серіктестікті нығайтатын басты басқосулар да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауының іске асырылуы да газеттің осы санында берілді.

«Ер Едіге және елдік мүдде» атты тарихи-танымдық мақалада жеті жүз елу жылдық тарихы бар Алтын Орда сияқты алып империяның сол қанатының қолбасшысы болған, Ұлық Ұлыстың билігін 20 жылдай уысында ұстаған «ел қамын жеген Едіге» атанған ұлы тұлғаның дастандағы бейнесі жан-жақты жазылған.

***

Ал Сүлеймен Мәмет «Болмысы бүтін Бағаев» деп аталатын мақаласында ғасырлық тарихы бар «Егеменннің» ардақты ардагерінің болмыс-бітімін, азаматтық беделі мен бейнесін суреттейді.

***

Әлеуметтік, қоғамдық сарапталардан бөлек, спорт мәдениетке қатысты жаңалықтарды білгіңіз келсе «Егемен Қазақстан» газетінің 19-қараша күнгі санын немесе egemen.kz сайтын оқи жүріңіздер.