Спорт • 19 Қараша, 2019

Ольга Рыпакова халықаралық федерацияның комиссия мүшесі болып сайланды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монакода өткен Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) отырысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова сол ұйымның комиссия мүшесі болып сайланды.

Ольга Рыпакова халықаралық федерацияның комиссия мүшесі болып сайланды

Айтулы спортшының қандай да құрметке лайық екені даусыз. 30 қарашада 33 жасқа толғалы отырған Ольга Сергейқызы үш қарғып секіру жаттығуы бойынша Олимпия ойындарында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 2008 жылы Бейжіңде – күміс, 2012 жылы Лондонда – алтын, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода – қола медальді мойнына ілді. Әлем чемпионатында бір күміс пен қос қоланы олжалады. Жабық ғимаратта өткен дүниежүзілік додада алтыннан алқа тағынып, тағы екі мәрте жүлдегерлер санатына қосылды. Азия ойындарында төрт рет теңдессіз деп танылды.  Оның басқа да толып жатқан атақтары тағы бар.

Даңқты отандасымыздың ел спортына сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ол «Парасат», екінші дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Міне, енді Ольга Рыпакова құрамына 2012 мемлекеттің ұлттық федерациялары енген белді ұйымның мүшесі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55