18 қараша күні кешкі сағат 22.30.-да Орал қаласындағы Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында полиция қызметкері қызметтік көлікпен келе жатып 21 жастағы қыз баланы қағып кеткен.

Жол оқиғасынан зардап шеккен бойжеткен ауыр хәлде қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің диагнозы – бас сүйек мен оң бұғана сынығы, бас-ми ашық жарақаты. Жағдайы ауыр.
«Жол көлік оқиғасын жасаған полиция аға лейтенанты Р.Баймұқашевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2 бөлімі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс полиция өкілінің қызмет кезінде мұндай оқиғаға жол беруі – өте өрескел жағдай. Сондықтан қызмет тәртібін өрескел бұзған қызметкер тәртіптік кеңестің шешімімен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ оның тікелей командирлері мен басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды» делінген Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті таратқан баспасөз парағында.
БҚО полиция департаментінің бастығы генерал-майор Махсудхан Әбләзимов жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Лариса Бейісованың туған-туыстарынан өз қызметкері үшін кешірім сұрап, Ларисаның тезірек жазылып кетуі үшін барынша көмек көрсетілетінін хабарлады.
Осы оқиғаны бейнежазбаға түсіріп, департамент бастығынан интервью алмақ болған блогер Айболат Бөкеновке қатысты да әкімшілік іс қозғалғаны белгілі болды. А.Бөкенов бұған дейін де полиция қызметкерлері тарапынан жасалған заң бұзушылықтарды әшкерелеп, бейнежазба жариялап жүрген танымал тұлға болатын. Өзінің айтуынша, бір жыл ішінде 87 полиция қызметкерінің жол ережесін бұзғанын видеоға түсіріп, заң алдында жауап беруге мәжбүрлеген. Бірақ полиция А.Бөкеновтің де бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, соңғы оқиға болатын кезде де жеңіл дәрежеде мас болып, полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағанын хабарлады.
2019 жылдың басынан бері БҚО Полиция департаментінің жеке құрам бойынша инспекциясы қызмет тәртібі бұзылған 113 оқиғаны анықтап, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан екен. Соның 60-ы – жол ережесін бұзу оқиғасы. 5 қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылған.
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Технология • Кеше
Кино • Кеше
Қоғам • Кеше
МӘМС: қанатқақты жоба оң нәтижесін берді
Медицина • Кеше
Баспаналы болып, бақытқа бөленді
Бағдарламалар • Кеше
Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі
Кино • Кеше
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар