Түркістан облысында Үкаша ата кесенесі жанынан музей ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған кесенедегі «Үкаша ата тарихы» музейіне Құран кітаптар мен атаға қатысты аңыз-әңгімелер, суреттер, VІІ-ІХ ғасырларға тән құмыралар, диірмен, XIX-XX ғасырларға жататын мыс құмған сынды жәдігерлер қойылған.

– Тұңғыш Президентіміз –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Музей экспонаттары дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді» деген болатын. Үкаша ата музейі де елімізде ислам дінінің таралу кезеңінен үн қатады. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің алға қойған мақсатының бірі – кесенеде музей ашып, төл жәдігерлер мен тарихты тереңінен насихаттау еді. Бүгін міне сол ниет орындалып отыр, – деді ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.
Шара барысында кесене шырақшысы Шәмшиддин Зәкиров Үкаша атаның соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сахабаларының бірі болғанын және Алла елшісінің арқасындағы мөрін көрген жалғыз сахаба екенін айтып, өзге де аңыздар жайынан сыр шертті. Тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қарауына алынған кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана, жыр-дастандар көп. Ел арасында аңыз тұлға ретінде танымал ата жөнінде арнайы жазылған тарихи зерттеу еңбегі жоқ. Аңыз бойынша Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) сахабасы Үкаша атаны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді. Тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген дін дұшпандары Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп, басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жерасты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 метр белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді.
Түркістан өңірінің тарихын және музей ісін кеңінен насихаттау мақсатында ашылған музейді шараға қатысушылардан бөлек, Ақтау, Алматы, Қостанай өңірінен келген зияратшылар да тамашалады. Музейге кесенені қалпына келтіріп, айналасын абаттандырған алғашқы шырақшы Кәміл қары мен оның жәрдемшісі Атажанның суреттері, өлкенің тарихынан сыр шертетін археологиялық жәдігерлер мен музей жанашырларының сыйға тартқан көне әшекей бұйымдары, тарихи кітаптар да қойылған. «Кәміл қары мен Атажан атамыз осы жерге түнеп, моланың үстіне асармен үлкен кесене тұрғызған. Ол 1947 жылдың басы болатын. Біз де көмек беріп, аталарымызға қолғабыс жасағанымыз есімде. Жәрдемге көп адамдар келді. Аттылы-жаяу адамдар қона жатып, көмектесіп әрі зиярат жасайтын», дейді Кәміл қарының ұрпағы Толқын Құдайбергенұлы.
Айта кетелік, соңғы жылдары Түркістан қаласынан 40-50 шақырымдық жерде орналасқан Үкаша ата кесенесіне келушілер саны да еселеп артқан. Еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келіп, зиярат етіп кететіндерден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес елдерден арнайы келетіндер де көп.
Түркістан облысы
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Бүгін, 15:46
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Бүгін, 15:40
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Бүгін, 15:35
Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелері Ыстанбұл үдерісінде қарастырылды
Үкімет • Бүгін, 15:31
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Бүгін, 15:28
Алматыдағы ұстаздар ұстаханасында «Жыл оқытушысы-2019» байқауы өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:24
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Бүгін, 15:14
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Бүгін, 15:10
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматыдағы бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылар анықталуда
Бокс • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы
Президент • Бүгін, 12:34
Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Бүгін, 12:20
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Бүгін, 12:13
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Бүгін, 12:01
Аймақтар • Бүгін, 11:49
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Аймақтар • Бүгін, 11:41
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Бүгін, 11:35
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Бүгін, 10:58
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:53
Нұрлан Ноғаев: «Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі – цифрландыру»
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын қабылдап алды
Қазақстан • Бүгін, 10:37
Күрес • Бүгін, 10:23
Алматыда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға төмен пайызбен несие беріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:16
Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:13
«Қарапайым заттар экономикасы» елорданың бизнесін қалай дамытып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қостанайда журналистерге арналған семинар-тренинг өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:58
Руханият • Бүгін, 09:45
Алматыдағы бокс кешінде үш легионер күш сынасады
Бокс • Бүгін, 09:36
Алматыда «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылды
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Қазақ үшін Желтоқсан жылдың басы...
Қазақстан • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Үкімет • Бүгін, 09:02
Ұлттық спорт үздіктері анықталды
• Бүгін, 07:50
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?
Қоғам • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:41
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
Қоғам • Бүгін, 07:39
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент • Бүгін, 07:37
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Президент • Бүгін, 07:34
Қоғам • Бүгін, 07:33
Руханият • Бүгін, 07:23
Қоғам • Бүгін, 07:18
Балама энергетикаға басымдық беріледі
Экономика • Бүгін, 07:15
Қоғам • Бүгін, 07:13
Жазушылар одағының мерейлі белесі
Әдебиет • Бүгін, 07:11
Темір жолды жағалап топ бала жүр
Аймақтар • Бүгін, 07:08
Президент • Бүгін, 07:04
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Кеше
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар