Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда жаңа көпір іске қосылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл өзені арқылы он елді мекенді жалғастыратын жаңа автомобиль көпірінің ұзындығы 221,5 метр, ені 8 метр, судан биіктігі 63 метр. 

Солтүстік Қазақстанда жаңа көпір іске қосылды

Көктемде Есіл өзені тасыған кезде ескі көпір су астында қалып, қарым-қатынас үзілетін. Жаңа көпір «Новоникольское-Андреевка-Бостандық-Новомихайловка» автожолымен байланысады.

4,2 млрд теңге болатын ауқымды жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптес аясында жүзеге асырылды. Оның құрылысына «Зенченко және К» командиттік серіктестігі қомақты қаржы қосты.

Геннадий Зенченко жетекшілік ететін шаруашылық әлеуметтік мәселелерді дамытуға да зор үлес қосып келеді. Новоникольское ауылында бір жарым мыңдай адам тұрады. Орта мектеп, балалар бақшасы, спорт сарайы, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 9 мың бас ірі қара малы өсіріледі. Өндірілетін сүт көлемі – 25 мың тонна.

Елді мекеннің өз жылыту қазандығы бар. Оған барлық әлеуметтік нысандар мен 150 тұрғын үй қосылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы