Видео • 20 Қараша, 2019

«Егемен Қазақстан» газетінің 20 қарашадағы санына шолу (видео)

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің 20 қарашадағы саны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барғаны туралы ақпаратпен басталып, отанымыздағы орта тап өкілдері, еліміздегі еңбек қауіпсіздігі туралы маңызды тақырыптағы мақалалармен жалғасқан.

«Егемен Қазақстан» газетінің 20 қарашадағы санына шолу (видео)

Азаматтық мәселелер, Сыртқы істер министрлерінің кездесуі, Премьер-Министрдің іс-сапары және өзге де ағымдағы ақпараттарды саясат бетінен оқи аласыздар.

Байқал Байәділдің «Атбасар» деп аталған мақаласы өңірдің арғы-бергі тарихынан ақпар беріп қана қоймай, аудан аумағындағы тарихи-тағылымды ескерткіштер мен батыр бабалардың жүріп өткен жолы туралы сыр шертеді.

«Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Өмір Есқали «Теңдесі жоқ бірегей автомектеп» атты мақаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдырына қатысты маңызды мәселені қаламына арқау еткен. Автор жазбасында сәби кезінен сал ауруына шалдыққан Сəлімхан Сəбитов есімді азаматтың өмір жолын өрнектейді. Мүмкіндігі шектеулі болса да табандылығымен табысқа жеткені туралы тарқатады.

Спорттағы жаңалықтар мен қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелер де газеттің осы санынан орын алды. Сонымен қатар «Әділеттің алмас қылышы», «Асыл мінездің үлгісі» деген тақырыптарда бас басылымның ардагерлеріне арналған мақалалар жарық көрді.

Отанымыздың он төрт облысы мен үш қаласынан үздіксіз ақпарат тарататын «Егемен Қазақстанның» 20 қарашадағы саны осылай болды. Біз шолу жасаған жаңалықтар мен өзге де мақалалардың толық нұсқасын оқығыңыз келсе газеттің бүгінгі санын немесе egemen.kz сайтын қарай жүріңіздер.