Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Тапа тал түстегі қарақшылық

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылында шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз біреулер «Талшық Астық LTD» ЖШС басшысын қорқытып, ғимаратқа басып кіріп, 170 миллионнан астам теңге мен 2 ұялы телефонды тартып әкеткен. 

Тапа тал түстегі қарақшылық

Бұл оқиға кеше 19 сағат 15 минут шамасында болған. Қарақшылар саны төрт адам екені белгілі болып отыр. Аталған факті Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аудан орталығында болған өрескел қылмыс тұрғындардың алаңдаушылығын тудыруда.

Шектен шыққан қылмысты ашуды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев және облыстық прокурор Бағбан Тайымбетов өздерінің бақылауына алды. Жүргізіліп жатқан жедел-тергеу іс-шарасына барлық патрульдер мен жасақтар, облыстардың Полиция департаменттері жұмылдырылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10