Аймақтар • 20 Қараша, 2019

2020 жылы Солтүстік Қазақстанда 3000 пәтер пайдалануға беріледі

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдың өзінде 2018 жылмен салыстырғанда облыста пайдалануға берілетін пәтер саны былтырғыдан әжептәуір артық екені белгілі болды. Облыстық әкімдіктің отырысында осы мәселе нақты айтылып, 2018 жылы 2068 пәтер пайдалануға берілгені еске алынды. Бұл – шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз.

2020 жылы Солтүстік Қазақстанда 3000 пәтер пайдалануға беріледі

Ал биыл жыл аяғында 2240 пәтердің құрылысы аяқталмақшы. Бұл – 235 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз. Ал 2020 жылға облыс 2842 пәтер тұрғызып, тұрғындарды қуанышқа бөлемекші. Оның аумағы 254 мың шаршы метр болады. Осының өзінен облыста әлеуметтік салаға деген назардың жоғары екенін көруге болады.

Отырыста айтқан сөзінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов 2020 салынатын пәтер санын 3000-ға дейін жеткізуге болатынын атап өтті. Қаржылық мүмкіншіліктер мен тұрғын үйге деген тұрақты сұраныс үш мың пәтерге дейін үй салу қажеттілігін тудырады деді ол.

Айта кететін жайт, ипотекалық тұрғын үйге деген сұраныс былтырғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артып отыр. “7-20-25” бағдарламасы бойынша облыста 701 өтінім қабылданып, оның 468-і қолдау тапқан.

«Әлеуметтік әлжуаз топқа біз 482 пәтер тұрғыздық. Соның 124-і, яғни 30% біз көп балалы отбасыларға бердік. Осылайша, біз алдымыздағы үш жылда осы категориядағы азаматтар үшін тұрғын үй проблемасын шешетін боламыз» деді Құмар Ақсақалов өзінің қорытынды сөзінде. 

 

Солтүстік Қазақстан облысы