Президент • 21 Қараша, 2019

Президент «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің бас басылымының мерейтойына орай өтіп жатқан салтанатты шарада Мемлекет басшысы құттықтауын Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев оқып берді.

 

Президент «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады

«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымын газеттің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір ұжымға ғана емес бүкіл елімізге ортақ қуаныш. «Egemen Qazaqstan» әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты және рухани құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды. 100 жасаған газеттің егеменді ел болу жолында жасаған жұмысы ұшан-теңіз», деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

1

Қазақстан Президенті Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұқтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сияқты Алаш арыстары басқарған басылым әрдайым қазақтың рухын биік ұстағандына баса назар аудартады. «Газет ұжымы кеңес заманының өзінде ана тіліміз бен ұлттық санамызды сақтауға, төл мәдениетіміз бен тарихымызды насихаттауға, елдігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. «Egemen Qazaqstan» Тәуелсіздіктің елең-алаңында да Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтай біртуар азаматтардың басшылығымен мемлекет іргесін биіктетуге атсалысты.

Қазақстанның шежіресі бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы газеттің әр санында Елбасының барлық бастамалары мен шешімдері, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар баяндалды. Осы игі үрдіс жаңғырудың жаңа кезеңінде жалғасын тауып, егемендіктер Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында жемісті қызмет ете береді деп сенемін. Ғұмыры ғасырмен өлшенетін газеттің торқалы тойы құтты болсын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Мемлекеттік хатшы мерейтойға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге, басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменге, бас редактордың орынбасары Талғат Батырханға, саясат бөлімінің меңгерушісі Жолдыбай Базарға және басылымның аға редакторы Забира Төлешоваға табыстады.

2

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше