«Саммитте бейбітшілік, тұрақты даму және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік және отбасылық қатынастарды нығайту мәселелері қаралды.
Шара шиеленіс аймақтарында бейбітшілік орнату және бітімге келу үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастыққа, қоғамдағы дамуға, өркендеуге және басқа да маңызды мәселелерді шешуге оң ықпал етеді.
Саммитке 50 мемлекеттің парламенттері мен үкіметтерінің бұрынғы және қазіргі басшылары, азаматтық қоғамдардың көрнекті өкілдері және БАҚ өкілдері, сондай-ақ конфессияаралық басшыларынан құралған екі мың адам қатысты.
Сенат депутаты А.Қапбарова Саммит барысында Камбоджаның премьер-министрі Хун Сенмен кездесті. Кездесу аясында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды» , делінген хабарламада.