Парламент • 21 Қараша, 2019

С. Еңсегенов іс-сапармен Санкт-Петербургке барды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Санкт-Петербургте ТМД ПАА Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

С. Еңсегенов іс-сапармен Санкт-Петербургке барды

«Отырыста комиссия төрағасының орынбасарлары сайланды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған үлгі Сайлау кодексінің, «Парламенттік бақылау туралы», «Өңірлік инвестициялық жобалар туралы», «Мемлекеттік марапаттар туралы» үлгі заңдардың, Дағдарысқа қарсы реттеу құралдарын салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты және қауіпсіз даму тұжырымдамасының жобалары комиссия мүшелерінің назарына ұсынылды.

Комиссия мүшелері «Жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық негіздері» атты дөңгелек үстел отырысының қорытындысын, үлгі заң шығару саласындағы өз қызметінің алдағы бағыттарын, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын және кезекті кезеңге арналған үлгі заң шығарудың келешек жоспарына ұсыныстарды талқылады.

Шара аясында Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнамалық актілерді әзірлеу кезінде қолданылатын терминдер мен ұғымдар сөздігінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды. Отырыста жергілікті өзін-өзі басқарудың жай-күйі, оның келешектегі дамуы және Ресей Федерациясында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы Муниципалдық құрылымдардың жалпы ресейлік конгресінің баяндамасы қатысушылардың назарына ұсынылды», делінген хабарламада.

 
Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше