Күн тәртібінде 2019 оқу жылындағы Қарулы Күштер қызметінің қорытындылары қаралды.
Министрге әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, жедел, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ Қарулы Күштерді дамытудың жай-күйін талдау нәтижелері баяндалды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов және Қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Тортаев баяндама жасады.
Генерал-майор Мұрат Бектановтың айтуынша, 2019 жылы Қарулы Күштерде жоспарланған барлық іс-шара толық деңгейде орындалды. Жыл бойы бөлімшелер 20-дан астам халықаралық, 2 түраралық оқу-жаттығуға қатысты. Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлыққа қатысты 7000-нан астам оқу-жаттығу өткізілді. Бұл оқу-жаттығулар әр елдің әскер топтарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейге жетуі мен жеке құрамның жауынгерлік даярлығының артуына ықпал етті.
Құрылымдық бөлімшелерге жауаптылар әскер қызметінің жай-күйіне және әскери бөлімдер мен мекемелердің диверсияға қарсы қауіпсіздігіне, сондай-ақ әскери тәртіпке талдауды таныстырды. Талқылау барысында әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс істеу және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы қызметтер назардан тыс қалмады.
Алдағы оқу жылында жаңа геосаяси жағдайларда қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің көрсетілуін кепілдікпен қамтамасыз ететін Қарулы Күштердің бейнесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Министр жеке әскер түрін дамыту, сондай-ақ әскерді кешенді қайта жарақтандыру қажеттілігін атап өтті.
Кеңейтілген алқа отырысы соңында 2019 жылғы жауынгерлік сайыстардың жеңімпаздары марапатталды. Әскер түрі арасынан – Құрлық әскері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Десантты-шабуылдаушы әскерлері үздіктер қатарынан көрінді.