Еңбекминінің басшысына Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды, Теміртау, Қостанай және Көкшетау қалаларының тұрғындары жеке сұрақтарын қойды.
Өтініштердің басым бөлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, оның ішінде оларды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, азаматтар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, борыш жүктемесінің төмендеуіне, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, бизнес ашуға грант алуға, еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты сұрақтар қойды.
Жүгінушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Біржан Нұрымбетов нақты түсініктемелер берді және тиісті ведомстволарға Еңбекминінің құзыретіне кіретін мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.