Қоғам • 22 Қараша, 2019

Бірқатар әскери қызметші жемқорлық үшін жауапкершілікке тартылады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын (тұрмыстық жемқорлық) жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірқатар әскери қызметші жемқорлық үшін жауапкершілікке тартылады

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлық қызметі майор, Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.  Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билетін беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Сондай-ақ Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б.Алиев өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, әскери шенінен айыра отырып, 800 мың теңге айыппұл төлеу жазасымен сотталды.

Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы азаматтың ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражат алғаны үшін күдікті болған.