Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Қосымша баяндама жасаған сенатор Сергей Ершов заң жобасының маңызды жаңалықтарын айтты:
- Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тілегін ескере отырып, оларға төменгі қабаттарда немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қозғалыс аппаратында дерті бар Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне екінші қабаттан жоғары емес тұрғын үй алу құқығын беру;
- дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету жөніндегі саясатты іске асыратын Бірыңғай оператор құрылады. Бірыңғай оператор қызметінің негізгі мақсаты дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасы сондай-ақ негізгі мақсаты сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу болып табылатын Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің мәртебесі мен өкілеттігін күшейтуді көздейтін жаңа «Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс» бабымен толықтырылды.
Бюджет кодексіне түзету Ұлттық паралимпиадалық комитетке дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік тапсырма алу және оған қатысу құқығын беруді көздейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне толықтырулар енгізіледі. Осылайша, жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдаланатын дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
Сенатор Владимир Волков кейбір статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, 2014 жылдан бастап 29 спорт түрі бойынша 116 қазақстандық спортшы және 1 жаттықтырушы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шеттетілгенін айтты. «Қазіргі және болашақ спортшы ұрпақтың үмітін ақтамағандар ол үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Әзірге тек әкімшілік жауапкершілік болғаны өкінішті», - деді сенатор. Депутат сондай-ақ қазақстандық спортшылардың 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін алған лицензиялары санына алаңдаушылық білдірді. Қазір спорттың 12 түрі бойынша барлығы 28 лицензия алған. Өткен Олимпиадаға дайындықтың осы кезеңінде олар 50 болған еді.
Сәуле Айтпаева мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттықтырушылар мен спорт клубтарының жетіспеушілігіне назар аударды. Сенатор Серік Жақсыбеков олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту және дене шынықтыруды насихаттауға тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
Жоғарғы палата басшысы сенаторларға қолдау білдірді. Дариға Назарбаева әкімдіктерді бұқаралық спортпен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастыруға шақырды. «Мен кәсіби спортқа көңіл бөлу керектігін түсінемін, біздің еліміздің туы әлемдік көптеген ареналарға кеңінен таралғанын қалаймыз, дегенмен бұқара халықты және бұқаралық спорттың рөлін ұмытуға болмайды. Жергілікті жерлердегі өңірлік клубтарды қаржыландыру сияқты, оны да саралай отырып, түсініп алу керек. Оған мәслихаттарды іске қосу керек», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады.
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Кеше
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Кеше
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Кеше
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Кеше
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Кеше
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Кеше
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Кеше
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Кеше
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Кеше
Күрес • Кеше
Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті
Аймақтар • Кеше
Қостанайда журналистерге арналған семинар-тренинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Алматыдағы бокс кешінде үш легионер күш сынасады
Бокс • Кеше
Алматыда «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылды
Қазақстан • Кеше
Қазақ үшін Желтоқсан жылдың басы...
Қазақстан • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Үкімет • Кеше
Руханият • Кеше
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
Қоғам • Кеше
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент • Кеше
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар