Түлкібас ауданы орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен бой көтерген «Ана мен бала» монументі ашылды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек», – деген болатын. Осы мақсатта бүгін ауданымыздың тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Піралиев Жайлау атамыздың балалары мен немерелері кіндік қаны тамған жеріне татулық пен бейбітшіліктің символы саналатын «Ана мен бала» монументін тұрғызып, жерлестеріне үлкен сый жасап отыр, – деді ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев.
Ал монументтің авторы Қазақстан көркемсурет Академиясының академигі, Тілеуберді Бинашев осы уақытқа дейін қазақ даласының батырлары, қоғам қайраткерлері, әулиелері мен бабаларына ескерткіш жасап келгенін, олардың бәрі алтын құрсақты анадан туылғанын атап өтті.
«Ана мен Бала» монументінің авторы болғаныма қуанамын. Бұл ана бір әулеттің ғана емес, бүкіл қазақ даласының анасы», - дейді Т.Бинашев. Монументтің орнатылуына демеушілік жасаған Піралиевтер әулеті тоғыз ағайынды. Бүгінде бәрі Алматы қаласында тұрады. «Ағайындар келісе отырып, ананың монументін салып, құрметімізді білдірейік деп шештік. Мұның қоғамдық – тәрбиелік мәні зор. Себебі, әрбір адам ескерткішке қарап, ондағы «Ана – ұлы. Ана – қымбат. Ана – құдіретті жан!» - деген жазуды оқып ойланады. Ең бірінші бізге керегі – тәрбие, одан кейін – білім. Біз білімге кетіп тәрбиені ұмыт қалдырдық. Тәрбие – бар жерде білім өзі келеді», - дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиев. Аталмыш шара барысында сөз алған аудан ардагерлері «Ана мен бала» ескерткіші тәрбиенің, татулық пен бейбітшіліктің және туған жерге деген құрметтің көрінісі екенін айтып, Пірәлиевтер әулетіне алғысын білдірді.
Айта кетелік, ауданда демеушілер есебінен бой көтерген нысандар қатары соңғы жылдары арта түскен. Мысалы, өткен жылы Алғабас, Рысқұл ауылдарында Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, Батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіштер ашылды. Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіші бой көтерді. Түлкібас станциясында тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұлов бейнеленген ескерткіш орнатылды.
Түркістан облысы
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар