Шараға «Eгемен Қазақстанда» түрлі жылдары қызмет еткен Сарбас Ақтаев, Мамадияр Жақып, Оңдасын Елубай, Күмісжан Байжан, Әли Ысқабаев, Көпен Әмірбек, Дәулет Сейсен, Нұрбол Әлдібаев, Бақыт Балғарина, Талғат Сүйінбай, Амалбек Бақберген сынды газет ардагерлері мен өңірлердегі меншікті тілшілері қатысты. «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі басылымның бірқатар ардагері мен меншікті тілшілеріне мерейтойлық марапат ұсынды.
Сондай-ақ жиында жылы естеліктер мен газетте қызмет еткен жылдардағы қызықты оқиғалар айтылды. Ардагер қаламгерлер бүгінгі ізбасарлары - жас журналистерге ақыл-кеңесін айтып, жылы лебіздерін білдірді.